Ақпанның алғашқы бейсенбісі — дүниежүзілік сайлау күні. Осыған орай Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Достық үйінде» дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аталған шараға Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Бекбол Жұмабекұлы, төраға орынбасары Нұрберген Болатқалиев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы қызметкерлері қатысты.
Осы күнді өткізудің басты міндеттері – қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейілділікті қалыптастыру.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Жұмабекұлы тәуелсіз Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты мемлекеттің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдеріне кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында сайлаудың ел дамуындағы маңызы жан жақты түсіндірілді.
Ақсәуле Әлжанова,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz