ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына сай пилоттық үлгіде аудан әкімдерінің сайлауы өтпекші. Аталған пилоттық жобаға орай Қаратөбе ауданында да аудан әкімінің сайлауы өтеді. Алдағы 5 қарашада ауданда өтетін сайлауға үш кандидат тіркеліп, сайлауалды үгіт насихат жүргізіп жатыр.
Аудан әкімінің сайлауына үміткер ретінде тіркелген Қадыржан Сүйеуғалиев сайлауалды бағдарламасымен таныстыру бағытында аудан орталығында қоғам белсенділерімен, жастармен, ұжымдармен кездесіп, ауылдық округтерді аралап насихат жүргізді.
Айтар болсақ, үгіт-насихат жұмыстарымен Сулыкөл, Жусандыой, Қоскөл, Егіндікөл, Саралжын, Аққозы, Қаракөл ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар аудан әкіміне үміткер Қадыржан Орынбасарұлына сұрақтар қойып, ой-пікірлерін жеткізіп, ұсыныстарын айтты.
Үгіт-насихат барысында «Есіктен есікке» акция бойынша ауыл ақсақалдары мен тұрғындардың үйлеріне барып, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Сонымен қатар үміткердің сенім білдірген өкілдері де үгіт-насихат жүргізді.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz