19.03.2023, 9:00
Оқылды: 30

Сайлауда ұлттық құндылық насихатталуда

Бүгін Казталов ауданы орталығындағы №219 сайлау учаскесінде ұлттық құндылық насихатталды. Сайлау комиссияларының мүшелері ұлттық нақыштағы киімдерімен ерекшеленіп, халыққа ұлттық тағамдарымыз Наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды.

20230319_070327

Сайлаушылар да ұлттық құндылықтарды насихаттауда белсенділік танытуда. Казталов ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Мұқанғали Бектілеуов сайлауға ұлттық киіммен келіп, таңдауын жасады.

 

- Бүгін халқымыздың бірлігі нығайып, еліміздің болашағы айқындалатын күн. Осы сайлауға ұлттық киім келуге шешім қабылдадым. Өйткені алдымызда жаңа жылымыздың басы Наурыз Мейрамы келе жатыр. Сонымен қатар ұлттық нақыштағы киімдерімізді насихаттасақ ұрпаққа үлгі болмақ, - деді Мұқанғали Бектілеуов.

20230319_070248

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале