Президентіміз "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауында ауыл әкімдерін сайлау арқылы анықтау қажеттігін шегелеп айтқан болатын. Ауыл әкімдерін сайлау арқылы тағайындау біздің қоғамда жаңа серпіліс туындауына әкелетін қадам екені сөзсіз.
Алдағы сайлаудан ел әділдік пен ашықтықты күтеді. Әрине, қай ауыл болмасын оның тізгінін ауыл тынысымен жақсы таныс, елдің басын бір іске жұмылдыра алатын дипломант жан ұстағаны абзал. Осы өзгерістен бәрінің үміті зор. Ауыл келбетінің келісті болуы, ажарының еселенуі ауыл әкімінің жүйелі жұмысына байланысты екені даусыз. Елдің қайнар бұлағы, бастауы саналатын ауылдың жағдайын жақсартып, өрге қарай сүйреймін деп сынға түскен әрбір үміткерге елдің берген дауысы үлкен жауапкершілік жүктейді. Сайлау осы жағынан ұтымды деп есептеймін.
Ғұмар Әжіғалиев,
Ақсай қаласы №3 ЖОББМ директоры