Казталов ауданында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Батыс Қазақстан облысы бойынша аға оқытушысы Гүлназым Хаирова мен Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Нариман Мустиевтің қатысуымен «Сайлау процесін өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері мен тәжірибесі» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.

Іс-шараның мақсаты – алдағы сайлау науқанына дайындық барысын пысықтау және сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру.
Іс-шараға учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысып, өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Семинар барысында сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, сайлаушылармен жұмыс, техникалық құралдарды қолдану тәртібі кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар семинарда нақты тәжірибелік мысалдар келтіріліп, қатысушылар өзара пікір алмасты.
Семинар соңында қорытынды тестілеу өткізіліп, кері байланыс ретінде сауалнама толтырылды.
Мейірім Парасат,
Казталов ауданы