23.07.2021, 11:28
Оқылды: 25

Сайлауға әр азамат үн қосуы керек

- Еліміз ірі саяси өзгеріс алдында тұр. Бұл - ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы. Халқымыз өзі қалаған кандидатты таңдау және сайлауға түскен әр кандидаттардан бастарту құқығына ие. Мемлекет басшысы бұл ұсынысты «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында атап өткен болатын. Кейін «Сайлау туралы» заңға өзгеріс еніп, нақты шешім қабылданды. Биыл 25 шілде күні алғаш рет ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтпек.

WhatsApp Image 2021-07-23 at 11.27.35

Казталов ауданында Көктерек, Жаңажол, Казталов, Бостандық ауылдық округтерінде сайлау өтеді. Сайлауға қатысу - елім, жерім деген, болашағын ойлаған әр азаматтың міндеті. Сондықтан сайлауға үн қосып, өз таңдауымызды жасауымыз керек!

Жайдарман Сейткереева,

Көктерек ауылының тұрғыны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале