Мұқанғали Бектілеуов,
Казталов ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
-Қымбатты ағайын! Баршаңызды 25 шілде күні өтетін ауыл әкімдерінің сайлауына белсене қатысуға шақырамын. Сайлау - біздің еліміз үшін маңызды саяси науқан. Сондықтан ел ертеңіне жауапкершілікпен қарап, болашағымыз үшін дауыс берейік. Дұрыс таңдау жасайық.
Ел тарихындағы айтулы белес деп айтуға болатын тарихи маңызы бар саяси науқан — біз үшін стратегиялық мәні айрықша міндет. Бұл сайлауда қолынан іс келетін, нағыз абыройлы азаматтар жеңіске жетсе дейміз.