Бөкей ордасы аудандық мәдениет үйінде сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізу барысына арналған алқалы жиын өтті. Онда облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев алда Парламент мәслихаты мен Мәжілісіне сайлау науқаны барын ескеріп, оған тыңғылықты дайындық қажеттігін айтты.
Әсіресе сайлаушылардың тіркелген мекенжайында тұратындығын анықтау, болмаған жағдайда оған ыңғайлы жерден дауыс беруіне жөн сілтеу қажет. 2016 жылы өткен парламенттік сайлауға 9685 бөкейліктің 1600-дайы қатыспағанын алға тартып, осы жолы қатысу көрсеткіші жоғары болуы үшін партиялық тізімді жасақтауды, сайлауда таңдау жасау ол әр қазақстандықтың азаматтық борышы екендігін түсіндіру жолында үгіт-насихат жүргізуді тапсырды.
Сайлау күні нақты белгіленбегенмен алдағы саяси науқанда бұрынғыдай әр партияның кандидатын емес, партиялық тізімді таңдау қажеттігін ескерген Ғайса Қапақов алдағы науқанның өзге өзгешеліктерімен таныстырды. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Хамидоллаұлы сайлауды ұйымдастыру және өткізу барысында пандемияға байланысты карантиндік режимді сақтауды қатаң ескертті.
Қазіргі таңда алдағы науқанға 6 саяси партия қатысуға мүмкіндік алғандығын мәлімдеген облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар өзге елдегідей халық наразылығын тудыратын жағдай болмас үшін «сайлау комиссияларының әр қадамы ашық болуы шарт» деді.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бағдат Лұқпанов аудандағы 1 аумақтық және 24 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына тоқталды.
Жиын соңында Серік Рахметоллаұлы жиынға қатысушы ауылдық округ әкімдеріне, сайлау комиссиясының төрағаларына, басқа да жауапты азаматтарға тапсырмалар берді.
Раушан Жанатқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер