Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Тасқала ауданында 10 881 сайлаушы таңдауын жасайды деп күтілеуде. Таңғы сағат 7:00-де есігін айқара ашқан сайлау учаскелері өз жұмысын тиянақты бастады.
«Ерте тұрған еркектің ырысы артық» деп аталарымыз айтқандай ерте тұрып, өз таңдауымды жасадым. Бұл бір ерекше сайлау. Алдында газеттен оқыдым, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы сайлау туралы мынандай пікір білдірді. «Біздің болашағымыз – айқын, нақты жоспарымыз бар. Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы – билік институттарын жаңарту жұмысының қорытынды кезеңі. Осылайша, билік жан-жақты реформаларды жалғастыру үшін жаңа сенім мандатына ие болады. Елімізді дамыту жолында тың бастамалар көтеріп, оны табысты жүзеге асыру – басты міндет. Қазір жетістікке мәз болып отыратын заман емес. Жұмысты тың қарқынмен жалғастыру керек», - деді Президент.
Бүгінгі сайлау Президент бастамалары іс жүзінде нәтиже беріп, әр тұрғын армандаған Әділетті Қазақстан құру жолындағы қадамға серпін береді деп сенеміз. Алла еліміздің болашағын жарқын етсін. Батагөй ақсақал, бірнеше мәрте облыстық бата беру сайысының жеңімпазы», - деді Жұмакелді Үмбеталиев.
«Сайлау күні ерте келіп өз таңдауымды жасауды әдетке айналдырдық. Жолдасым екеуміз келіп, дауысымызды бердік. Бүгінгі сайлауда әр қазақстандықтың дауысы аса маңызды. Таңдау жасау арқылы болашаққа қадам жасаймыз. Еліміздің дамуына зор үлесін қосатын азаматтар келеді деп сенемін», - дейді ауыл тұрғыны Ганмирлан Ғұсманұлы.
«Бүгін еліміз үшін маңызды күн, тарихи сәт. Осындай сәтте ертемен тұрып, менде сайлау учаскесіне барып өз таңдауымды жасадым. Еліміздің ертеңі, балаларымыздың болашағы үшін дауыс бердім. Өйткені елдің дамуы үшін дауыс беру әр адамның азаматтық борышы. Лайым тек ел аман, жұрт тыныш болғай», – дейді зейнеткер Мақсат Залиев.
«Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Сол себепті менде ертемен сайлау учаскесіне барып көппен бірге өз таңдауымды жасадым. Яғни, ҚР Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына өзімнің азаматтық үнімді қостым. Өйткені, әр адамның дауысы маңызды. Осыны түсінгеніміз дұрыс. Бұл біздің болашағымыз үшін керек. Жалпы сайлау өз жұмысын дәл уақытында бастады. Келушілердің де қарасы көп. Себебі, қоғамның дамуымен өркениетке қарай ойысуына сайлаудың маңызы зор екеніне скергеніміз дұрыс. Еліміз тыныш, басымыз аман болсын», – дейді еңбек ардагері Жәрдемғали Балыков.
Тасқала ауданы,
zhaikpress.kz