Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылының тұрғыны Сайлау Жұмағұлов
№75 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасаса, ұялылық Сайлаубек Мұхтаров
№73 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Ұялылық Сайлау ағамыз есімінің тарихы саяси науқанға тікелей қатысты екенін айтады.
- 1960 жылдың 18 желтоқсанында сот сайлауы болды. Мен дәл осы күні дүниеге келіппін. Құдайдың құтты күні сайлау бола бермейді ғой. Менің есімімді тарихи датамен байланыстырып, Сайлаубек деп қойған екен, - дейді кейіпкеріміз.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz