Бүгін Тасқала ауданы әкіміне үміткер Мэлс Нәріков аудандық жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен кездесті.
Сайлаушылар өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы уақытта ескеретін нәрселерді өзінің кітапшасына түртіп алды.
Аудан әкіміне үміткер Мэлс Жасанғалиұлы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz