26.10.2020, 11:15
Оқылды: 42

Сала қызметкерлерін құттықтады

2011 жылы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілген болатын. Содан бері бұл мереке аталып өтіледі.

26D1F653-4A07-40DE-984C-E510ECC466D3 Осыған орай Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімін кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Жоғары кәсібилік және ұйымдастырушылық қабілеттілігі мен әлеуметтік-еңбек саласына елеулі үлес қосқаны үшін және бәйтеретіктердің  әл-ауқатын арттыруда аянбай еңбек еткен әлеуметтік қызметкерлер аудан әкімі Марат Тоқжановтың алғысхатымен марапатталды.

EB47B83F-F7A8-4329-9E1F-F0FF15FB7118

Ерікқали Ғұмарұлы әлеуметтік сала мамандарының жұмыстарына табыс тілеп, ерекше ықыласы мен ілтипатын білдірді.

Аружан Болатбек,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале