15.10.2022, 13:15
Оқылды: 8

Сала мамандары марапатталды

13 қазан күні Казталов ауданындағы С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кешке аудан әкімі Рүстем Зұлқашев қатысып, сала мамандарын мерекемен құттықтап, алғысхатпен марапаттады.

FB_IMG_1665781121613

- Әлеуметтік қорғау жүйесі - үлкен жауапкершілік, кәсіби біліктілік пен қатар адами қасиеттерді талап ететін сала. Әлеуметтік салада әртүрлі мамандық иелері жұмыс жасап жүргенімен, оларды біріктіретін ортақ нәрсе - жүрек жылуы. Қоғамымыздың тұрақтылығы мен әл-ауқаты көп жағдайда халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейіне, әлеуметтік кепілдіктерге байланысты болса, оның жүзеге асуы әлеуметтік қорғау жүйесінің мамандарына тікелей байланысты. Сіздердің зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға, көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға, жұмыссыз азаматтарға деген қызметтеріңіз бен қамқорлықтарыңызды ерекше атап өтуге болады. «Мейірім жүректен шығады, пейіл тілектен туады» дейді дана халқымыз. Осы салада жеткен жетістіктердің барлығы - ізгілік пен адамгершілікті ту еткен еселі еңбектеріңіздің жемісі, - деді аудан әкімі.

FB_IMG_1665781115436

Салтанатты жиында Әлия Жұмағазиева, Надежда Нахуанова, Арайлым Қыдырбаева, Мира Сарсекова, Бақтыгүл Ахатаева, Абзал Хайруллин, Сандуғаш Қиясова, Тілеухан Төлеуғалиев, Гүлдана Ерғалиева, Айдос Асқар, Артур Сариев, Сатыбалды Хайредденов, Әдемі Кенжеғалиева, Ардақ Мерешева, Сымбат Каримолла, Ғалия Рахымғалиева, Әсемгүл Қанатқалиева аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, Әділжан Тасболатов, Күлаш Өтеғалиева, Гүлжиян Ахметоваға әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің алғысхатын табыстаса, аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Радж Шәріпов пен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Эльмира Сармалаева салада қызмет етіп жүрген Таңшолпан Мақсотова, Елжан Қосполов, Айгерім Мұқтарова, Қазбек Қадырболатов, Айдана Сапарова, Лиза Ердина, Камшат Сұлтанованы алғысхатпен марапаттады. Ал Қымбат Ермекова, Людмила Дәулетова, Талиғат Рысқалиев, Нұрмұханбет Шұнгұлов, Ұлболсын Супушева «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының және Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының алғысхатына ие болды.

FB_IMG_1665781110670

Сахна төрінде сала мамандары ән шырқап, көрерменге жырдан алқа тақты. Айта кетейік, 2011 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Жарлығына сәйкес, қазан айының соңғы жексенбісі - әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып белгіленді. Бұл кәсіби мереке осы жылдар ішінде тек ресми шара ғана емес мейірім мен шапағат мейрамына, игі дәстүрге айналды.

FB_IMG_1665781123786

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале