Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне қарасты Шыңғырлау аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары «Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапханасында «Туберкулез ауруының алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында тұрғындар арасында туберкулез ауруының алдын алу шаралары, аталмыш ауруға қарсы екпе мен ревакцинация жүргізудің маңыздылығы туралы айтылды.
Семинарда осы мекеменің бас маманы Л.Хегай және М.Жұмашев жиналғандардың сауалдарына жауап берді.
Айсұлу Муса
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz