2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық Кодексіне бірыңғай жер салығын төлеу негізінде шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушісі үшін салық салу объектісі бөлігінде өзгерістер күшіне енеді.
Егер қазіргі уақытта салық салу объектісі - жер учаскесінің бағалау құны болса, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап салық салу объектісі оңайлатылған декларациядағы сияқты - табыс болады. Салықтық мөлшерлеме табыстың 0,5%-ын құрайды. Аталған жаңа енгізілім арнаулы салық режимін қолданатын және микро немесе шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде танылған салық төлеушілерді табысқа салынатын салықтан үш жылға босатуға мүмкіндік береді.
Бұл жеңілдік Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында қарастырылған еді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы атап өткендей, бизнес адал әрі заңға сәйкес жүргізіліп, тұтынушылар мен азаматтар алдында жауапты болуы тиіс. Жеңілдікті пайдаланатын шаруа немесе фермер қожалықтары заңнамамен көзделген талаптарды орындауы тиіс екендігіне назар аударамыз. Ол талаптар қатарында салықтық есептіліктерді тапсыру, қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысуда онлайн бақылау-касса машиналарын қолдану бар.2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларымен есеп айырысуда онлайн бақылау- касса машиналарын қолдану міндеттеледі.
Бөкей ордасы аудандық
мемлекеттік кірістер басқармасы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер