Аталмыш басқарманың бас мамандары Татьяна Масива мен Алексей Вилков жеке тұлғалардың салық берешек өтелмеген жағдайда не болатыны туралы дарияндықтарға түсіндірді.
-Егер жеке тұлғаларда салық берешегі пайда болған кезде мемлекеттік кіріс органы оларға хабарлама жібереді. Егер хабарлама тапсырылған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде өтелмеген жағдайда және берешек көлемі 1 АЕК-тен асатын болса тиісті бұйрық шығаралып, сот орындаушысына жіберіледі, -деді Алексей Сергеевич.
Татьяна Павловна қазіргі таңда «Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы басталып жатқанын айтты. Бұл акция 2021 жылғы 20 қазаннан бастап бақылау-касса машинасының фискалдық түбертектерін бермеу не төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілерін анықтау үшін қолға алынған. Акция қазақстандықтарды өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заң бұзушыларға бей-жай қарамауға шақырады.
Жиын соңында тұрғындар өздерін толғандыратын сұрақтарды қойды.
Кездесуден соң басқарма қызметкерлері Дарияндағы дүкендерде болып, аталмыш акция бойынша бақылау шараларын жүргізді.
Динара ДАУЫМОВА,
Дариян ауылы