1.12.2022, 23:27
Оқылды: 14

Салықтан жалтаруға болмайды

Жуырда Бәйтерек ауданы Дариян аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары жеке тұлғалардың салықтық берешегі мәселелері бойынша ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

IMG-20221201-WA0040

Салық жүйесі – мемлекеттің қаржылық қуатының басты тірегі һәм негізгі кіріс көзі. Сол арқылы мемлекет өзінің көптеген қоғамдық-әлеуметтік, саяси-экономикалық мәселелерін шешіп, азаматтарына жағдай жасап, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондықтан азаматтарынан салық алмайтын мемлекет жоқ. Оның ішінде әр өңір, әр аудан салық базасын ұлғайту шараларын үздіксіз ұйымдастыруға күш салатыны анық. Салық – бұл жаза емес. Мал-мүлкі, шабындық және жайылым жері, керуен артып жасаған саудасы үшін салық пен баж төлеу бұрынғы заманнан бар үрдіс. Алайда салықтан жалтару, заң талаптарын айналып өту жиі кездесетін құбылысқа айналып жатқаны алаңдатады.

Аталмыш басқарманың бас мамандары Татьяна Масива мен Алексей Вилков жеке тұлғалардың салық берешегі өтелмеген жағдайда не болатыны туралы дарияндықтарға түсіндірді.

- Жеке тұлғаларда салық берешегі пайда болған кезде мемлекеттік кіріс органы оларға хабарлама жібереді. Егер хабарлама тапсырылған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде өтелмеген жағдайда және берешек көлемі 1 АЕК-тен асатын болса тиісті бұйрық шығаралып, сот орындаушысына жіберіледі, - деді Алексей Сергеевич.

Татьяна Павловна қазіргі таңда «Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы басталып жатқанын айтты. Бұл акция 2021 жылғы 20 қазаннан бастап бақылау-касса машинасының фискалдық түбертектерін бермеу не төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілерін анықтау үшін қолға алынған. Акция қазақстандықтарды өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заң бұзушыларға бей-жай қарамауға шақырады.
Жиын соңында тұрғындар өздерін толғандыратын сұрақтарды қойды.
Кездесуден соң басқарма қызметкерлері Дарияндағы дүкендерде болып, аталмыш акция бойынша бақылау шараларын жүргізді.

Динара Дауымова,
Дариян ауылы, Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале