8.09.2025, 17:34
Оқылды: 326

"САМҒА" балалар оқу орталығы ашылды

Мектепке дейінгі білім беру саласында тағы бір игі қадам жасалды. Чапаев ауылында мектепалды даярлық тобына арналған "САМҒА" жеке оқу орталығы өз есігін айқара ашты.

IMG-20250908-WA0111

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Денис Умашев, аудандық білім бөлімінің басшысы Ерболат Бекмолдин, сондай-ақ орталыққа қабылданатын балдырғандар, мұғалімдер мен ата-аналар қатысты.

Құттықтау сөзінде Денис Молдағалиұлы жаңа орталықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызын атап өтіп, ұжымға сәттілік тіледі. Салтанат барысында қонақтар сөз сөйлеп, ізгі тілектерін арнады.

IMG-20250908-WA0118

Жаңа орталық 75 орынға шақталған. Мұнда  2 қазақ және 1 орыс тобы жұмыс істейді. Балаларға 3 тәрбиеші, 3 әдіскер, 2 тәрбиеші көмекшісі қызмет көрсетеді. Сонымен қатар қосымша үйірмелерде балаларға 5 мұғалім сабақ береді. Ұл-қыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10 бейнебақылау камерасы орнатылған. Орталықта балалар толық күн дәріс алады. Сондықтан мұнда тәрбиешілермен бірге медбике, аспаз және кіші қызметкерлер де жұмыс істейді.

Орталықта балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, танымдық дағдыларын жетілдіруге және мектепке дайындығын арттыруға басымдық берілмек. Орталықтағы айлық төлемақы – 20 мың теңге.

Жаңа білім шаңырағы ауданымыздың мектепке дейінгі тәрбиені дамыту ісіне зор үлес қосып, жас ұрпақтың болашағына жол ашатынына сенім мол.

Әсем Есбек, 

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале