10.04.2023, 16:16
Оқылды: 50

«Сән» деп, менталитетті де ұмытпайық!

Әр жыл сайын қыз-келіншектерге арналған киім үлгілерінің түр түрі шығып жатыр. Заман ағымына сай «Адам көркі – шүберек» демекші, шетелдік қана емес, отандық дизайнерлер де түрлі үлгілерді ұсынуда.

Өткен жылғы сән

 

Өткен жылы әлемдік дизайнерлер күлгін түсті жыл түсіне жатқызғанымен, ақ, сары, барыс принтті, жасыл түсті киімдер жиі тұтынылған болатын. Сән үлгісінде костюм-шалбар, кеудешелер, қысқа пиджактар, кең киімдер (оверсайз), твид матадан костюм мен белдемшелер нәзік жандылар арасында сәнге айналған еді. Ал түс туралы трендтерді модаға кіргізетін Пантон университеті 2023 жылы қызыл, қанық қызыл, бордо түстерін аталмыш университет сәнді түс ретінде белгілеп отыр екен.
Pantone түс институтының ең негізгі жұмысы, танымал компанияларға өз брендтері мен өнімдері үшін түс шешімдерін қабылдауға көмектесетін танымал компаниялардың бірі.

2420e08f-4c67-49e7-9b15-43ba85d3aa94

Фото: Shoppingcenter.ru


Маман пікірі

 

Отандық дизайнер Назым Қарлықованың Sputnik.kz сайтына берген сұхбатынан үзіндіні назарларыңызға ұсынғымыз келеді.

-        Мен шетелге өте жиі шығамын. Көптеген мемлекетте жұмыс барысымен жүргенде байқағаным, біздің әйелдеріміз сәнді киінгенді өте жақсы көреді. Сондай-ақ жастарымыздың киім кию үлгісі мені қуантады. Өйткені талғамы өте жоғары. Менің алдыма көптеген кісі келеді. Олардың сәнге қатысты сауаттылығын көремін. Бұл қуантарлық жағдай, - дейді дизайнер.

Мамандардың айтуынша, матаны таңдағанда сапасы мен құрамына аса мән беру керек. Сондай-ақ тігу технологиясына да мұқият болу қажет.

 

Отандық бренд

 

Байқасаңыздар, бұрындары фильмдерден ғана көретін кең киімдер (оверсайз) бүгінгі таңда, біздің ХХІ ғасырда да сәннен қалмай келеді.
Тіптен, 90-ыншы жылдары аға буын киген Adidas, Nike спорттық киімдері, классика костюмдер, бомбер-күртелер заманауи үлгілері, түрлі принттермен жарық көруде. Атап айтсақ, өзіміз тұтынатын Qazaq Republiс әр маусымға арнап отандық киімдер шығаруда. Бағасы қалтаны қаққанымен қолданушылары еліміздің түкпір түкпірінен табылады.

aafd9c3c-d9d9-4027-830b-93199db88ea1

Фото: Shoppingcenter.ru

Соңғы уақытта 90-ыншы жылдардағы киімдердің заманауи әрі эстетикалық үлгілері көрер көзге де тартымды. Тек Қазақстанда емес, Еуропада бүгінгі таңдағы киім үлгілері – ностальгия десек болады. Олай дейтініміз, мерекелік кештерге қыз-келіншектер арасында кең жеңді, кең балақты «палаццо» шалбарларын, шілтері материалды көйлектер киюді әдетке айналдырды.

Түйін

 

«Сән бір орында тұрмайды, бірақ киім өзгеріссіз қалады», - деп танымал Versace халықаралық сән үйінің негізін қалаушы, итальяндық сәнгер және дизайнер Джанни Версаче айтқандай, 90-ыншы жылдардағы сән үлгісі сол киімдермен тек жаңа стильде шығып жатқандығының өзі осы сөзге дәлел.

e997f715-3490-48cc-862e-435751d10a00

Фото: yapokupayu.ru

Әрине, қалтаңыз көтерсе жыл сайын «модаға» сай киініп, көштен қалмаған жақсы.

Алайда, әр елде менталитет деген дүниенің барын да естен шығармаған жөн секілді. Ең бастысы, киген киіміңіз өзіңізге ыңғайлы, жарасымды, сапалы болса жеткілікті. Қымбат брендтерден киінбей-ақ, қарапайым әрі тартымды киім киіп те «қымбат» көрінуге болады.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале