19.05.2024, 9:30
Оқылды: 55

Сана тазармай, аула тазармайды

Екі айға созылған санитарлық-экологиялық айлық өз мәресіне жетті. Бүгін мекеме-ұйым қызметкерлері Орда орман шаруашылығының Жәнібек стационарын (академбақ) тазалап бітірді.

image-18-05-24-02-53-2

Көшелері самаладай жарқырап тұрғаны – әр тұрғынның мерейі. Жалпы тазалық айлығы кезінде аудандағы мекеме-ұйым қызметкерлерінің қатысуымен 8 рет сенбілік өтті. Тазалық айлыққа аудан бойынша 110 мекеме мен 3500 адам қатысып, 25 техника жұмылдырылды. 3000 аула мен 250 тонна күл-қоқыс шығарылса, 2350 тал-терек отырғызылды.

image-18-05-24-02-53экологиялық һ

Тазалық – күн тәртібінен түспейтін басты тақырып, Дегенмен, жеке тұрғындар тарапынан нақты істер мен ауыз толтырып айтарлықтай бастамалар аз болып отыр. Жеке тұрғын үйлердің арт жақтарындағы күл-қоқыстар шығарылмай отыр. Патриотизм сөзбен емес, іспен дәлелденуі тиіс. Барлық адам осы сөзге мән беріп, жанына таныстары мен достарын шақырып, нақты іске кіріспейінше, арамшөптер жайқалып, қоқыстар шашылып жата бермек. Анығын айтқанда, қоқыс біздің санамызда жатыр. Одан құтылу үшін санамызды тәрбиелеп алғанымыз дұрыс.

 Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале