14.09.2021, 14:03
Оқылды: 56

Санақ басталды

2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді. 1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты іске қосылды. Еліміздің тарихында осымен үшінші мәрте өткізіліп отырған 2021 жылғы Ұлттық санақтың  басты жаңалығы - оған заманауи сандық технологияларды енгізу болып отыр. Санақ парағын онлайн өткен азаматтар сайт жұмысына риза. Дегенмен, санақты сайт арқылы өткен мен үйге санақшы келуінің  айырмасын түсінбей жүргендер де бар екен. Сондықтан, Теректі ауданының статистика басқармасының басшысы Әзім Бисенғалиев ұлттық санақтың қалай өтетіндігі жөнінде айтып берді.

санак лого

- Халықтың өз бетінше сауалнамадан өтуі үшін арнайы Web-қосымшасы әзерленді. Яғни, әр қазақстандық  sanaq.gov.kz сайтқа тіркеліп, сауалнамадан өз бетінше өте алады. Санақтың алғашқы 45 күнінде, яғни 1 қыркүйек -15 қазан аралығында интернет-сауал салу өткізіледі. Респонденттер санақ парақтарын толтырудың әрбір кезеңіндегі нұсқаулықтар мен әзір жауаптар, сондай-ақ виртуалды көмекшінің көмегімен оларды толтыруға мүмкіндік беретін sanaq.gov.kz.мамандандырылған сайтында интернет желісі арқылы өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыра алады.

1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты іске қосылды. Мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн-режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады. Дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында жүргізіледі және ол белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында жүргізілетін болады.

бисенгалиев санак

Тағы бір жаңашылдық – интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшеттерді пайдалануы болмақ.

"Бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, ЖСН-ін енгізе отырып, санақ мәліметтерінің нақтылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңселік құралдарды айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ, интервьюерлер үшін қолайлылық пен олардың жинақылығын арттыруға мүмкіндік береді. Санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысушының ЖСН-і қолданылады. Бұл ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.

Интернет арқылы мәліметтер ұсынған респонденттерге интервьюерлер сауал салмайды.

Санақ бойынша  сұрақтар туындап жатса, 1446 нөміріне, тәулік  бойы жұмыс жасайтын  call centr хабарласуға болады. Оған қоса, облыс бойынша 8 7 112 50-34-54; 50-45-54 телефондары арқылы кеңес ала аласыз.

 

Ұлттық санақ – мемлекет үшін өте маңызды шара. Халық санағы белгілі бір уақыт аралығында халықтың демографиялық, экономикалық, әлеуметтік жағдайы жайлы ақпарат жинақтау, ол мәліметтерді статистикалық сараптау саналғанмен, оның ауқымы кең екені сөзсіз. Себебі, санақ адам санын шығаратын есепке алу шарасы ғана емес, оның қорытындысы мемлекеттің дамуын, бағытын айқындап, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін керек. Сондықтан, осы науқанға атүсті емес, толық жауапкершілікпен қарауымыз керек.

 

Дайындаған: Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале