22.09.2021, 10:37
Оқылды: 49

Санақ қыза түсті

          Ай басында басталған санақ қыза түсті. Статистика басқармасынан түскен мәліметке сенсек, қазіргі таңда Бәйтерек ауданы тұрғындарының 30 пайыздан астамы онлайн санақтан өткен. 

 перепись (1)

         Айта кетейік, ауданда 59864 тұрғын бар. Бүгінгі таңда оның 18837-сі санақ сұрақтарына жауап беріпті. Интернет санақтан өткендердің нобайы переметныйлықтар екен.

Аудан орталығының 1788 тұрғыны сауалнама толтырған болса, одан кейінгі орында Дариян ауылдық округі келеді. Ол округте санақтан 1570 адам өткен. Кейінгі орындарда 1484 тұрғынын санақтан өткізген Мичурин мен 1119 адамды қамтыған Трекин ауылдық округі келеді. Богатск, Спартак, Чапурин сынды шағын елді мекендерде бір ғана адам санақ сұрақтарына жауап берген.

Аудандық статистика басқармасының басшысы Меңдібай Байболов аталмыш көрсеткіш әлі де өсетінін айтады.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале