Бүгін аудан орталығы Қаратөбе ауылының орталық базарында ауылшарушылығы тауарлары өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде Қаракөл, Жусандыой, Сулыкөл, Егіндікөл, Қаратөбе ауылдық округтерінің кәсіпкерлері қолжетімді бағамен халыққа тауарларын ұсынды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу нарық бағасынан әлдеқайда арзан және сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.
Ертемен орталық базарға келген аудан тұрғындары табиғи таза өнімдерді сатып алуға асықты.
Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер жеміс-жидек, көкөніс, ет, сүт өнімдерін саудалады.
Нарықтағы бағаға қарағанда жәрмеңкедегі өнімдер төмен бағамен сатылуда. Мысалы, үйрек етінің бір данасы 5500 теңге болса, тары-талқан – 1500 теңге, сары май - 5 мың теңге, қаймақтың литрі - 3 мың теңге, балықтың келісі - 1 мың тг, қарбыздың келісі – 100 теңге, қауынның келісі - 200 теңге, сонымен қатар Орал қаласынан әкеліп саудаға шығарған картоптың келісі - 130 теңгеден саттыққа қойылды.
Жәрмеңкеде бір бума шөп 4 мың теңгеден сатылды.
Айта кету керек аталмыш жәрмеңке апта сайын жалғаса бермек.
Райымбек Абай,
Қаратөбе ауданы