8.12.2024, 12:35
Оқылды: 150

Саралжындықтар ерекше белсенді

Естеріңізге сала кетсек, бүгін №7 Саралжын бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бөкей ордасы ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының сайлауына дауыс берілуде.

IMG-20241208-WA0009

№71 Саралжын учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Кәмелов:
- Округ бойынша 585 сайлаушы тіркелген. Дауыс берушілеріміз күнмен таласып, ала таңнан кеп, өз таңдауларын жасауда. Саяси науқандарға қатысып, азаматтық таңдауын жасау Бекет Ділжанов, Болат Бекетов сияқты аға буынның сүйектеріне сіңген дағдылары ғой. Ағаларымыздың осындай жауапкершілігі кейінгі буынға үлгі боларлықтай. Дәл қазір, міне, ауылдық округ әкімдігі ұжым боп келіп, бюллетеньдерін алуда, -дейді комиссия төрағасы Әділбек Нәсіпкерейұлы.

IMG-20241208-WA0029

IMG-20241208-WA0030

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале