23.01.2019, 13:01
Оқылды: 27

Саралжынға жедел жәрдем көлігі керек

Бұл жайлы аталмыш ауылда өткен Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаевтың халық алдындағы есептік кездесуінде айтылды.

 saraljyn (3)

         Округ әкімі Жасұлан Ермеғалиев есепті баядамасында округтегі ауыл шаруашылығы, құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамту тағы да басқа салалар бойынша атқарылған жұмыстарды қамтыды.

– Қазіргі таңда Қарақамыс ауылындағы ауыз сумен қамту нысандары толық жөнделіп, орнына 1 фазалық шағын су сорғыш құрал салынды. Тереңдігі 22 метрлік 2-ші құдық қуаты сағатына 4 тонналық су сорғыш құралы жұмыс жасап тұр. Тұрғындардың күнделікті суға деген сұранысын толық қанағаттандыруда. Көшедегі қоғамдық су алатын 3 су тарату құдығы арқылы 35 отбасыға су берілді. Сонымен қатар үйіне су өткізген 107 үй есепте тұр. Жеті мекеме есептегіш арқылы пайдаланып отыр. Алдағы уақытта округтегі Сәуле ауылын таза ауыз сумен қамту мәселесі тұр, - дейді ауыл әкімі.

Б.Қаратаев атындағы Саралжын орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын Ашықова ауылдық дәрігерлік амбуллаторияға жаңа жедел жәрдем автокөлігі қажет екендігін тілге тиек етті. Аудан басшысы Ж.Асантаев бұл ұсыныстың алдағы уақытта шешілетіндігін айтты.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале