26.04.2024, 17:15
Оқылды: 34

Сарбаздар еліне аттанды

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Достық» алаңында орналасқан «Мәңгілік алау» ескерткішінің жанында Жаңақазан ауылындағы 51809 «В» әуе қорғаныс күштері әскери бөлімінде борышын өтеген 31 сарбазды елдеріне шығарып салу рәсімі өтті.

PHOTO-2024-04-26-16-11-15

Жиынға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Мұқанов, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дәурен Мерешов, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің әскери жетекшісі Батыр Таулин, 51809 «В» әуе қорғаныс күштері әскери бөлімінің командирінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары Есболат Жұмабаев қатысты.

PHOTO-2024-04-26-16-11-10

Мәңгілік алау жанында «Отан» және  «Жас сарбаз» патриоттық клуб мүшелері (жетекшісі Б.Таулин) АК-74 автоматын шашып, кері жинап өнерлерін көрсетті.  Әрі қарай аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Алпамыс Жаңабайұлы сарбаздарға ақ жол тілеп, ержүрек азамат тәрбиелеген ата-аналарына алғыс хат табыстады. Салтанатты жиын естелік суретке түсумен қорытындыланды.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале