Бүгін облыстық, аудандық байқаулардың лауреаты, аудандық Сисеновтер отбасылық ансамблінің мүшесі Манарбек Сисеновті еске алуға арналған қазақ күресінен 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудандық турнирі өтті.
Турнирде Манарбек Қожабергенұлының өнердегі, өмірдегі достары, әріптестері, Сисеновтер жанұясының тума-туыстары, Сарой, Көздіғара ауылдарының азаматтары демеушілік жасап, қолдау көрсетті.
Турнирге аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысып, елдің ұлы, өнердің өз баласы болған Манарбек Сисеновтің артында қалған ұрпақтарына амандық, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Еске алу турнирі қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Жас боз кілем шеберлеріне диплом мен қаржылай сыйлықтар табысталып, кейіннен аудан көркемөрерпаздарының қатысуымен “Манарбек салған ән қандай?!” атты еске алу кешіне ұласты.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz