Сарой ауылдық округінің Көздіқара ауылының "Серік" шаруа қожалығының жетекшісі елім деп ет жүрегі елжіреген Серік Мутиев қайырымдылық жасауды үрдіске айналдырған.
Жуырда атымтай жомарт азамат Сарой ауылдық округінің жалғызбасты, әлеуметтік көмекті қажет етуші 25 отбасына бірінші кезектегі азық-түлік (рожки, шағу май, күріш) пен ірі қара малын сойып, еттей таратып берді.
Мұндай көмекпен Серік Тарғынұлы бірнеше жылдан бері ауылдастарын қамтып келеді.
Қайырымдылық ісінің шарапатын сезініп, разы болған ауыл тұрғындары: «Бізге жасаған жақсылығын Алладан еселеп қайтсын» деген тілегін білдіруде.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы,
zhaikpress.kz