Казталов ауданындағы Сарыөзен мен Қараөзен өзендеріне Ресейден тасқын су келуіне байланысты алдын алу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Сарыөзен өзеніне жақын орналасқан аудан орталығы Казталов ауылында жұмыс қарқынды.
Қарасу тоғанының бойындағы Шәміл бөгеті мен №1 көпірде бөгеу жұмысы жүріп жатыр.
Жұмыстың басында жүрген округ әкімі Ернар Ғалымовтың әңгімеге тарттық.
- Тасқын судың алдын алуға округ әкімі аппаратының қызметкерлерімен қатар «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты, Алма Оразбаева атындағы білім ордасы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қызметкерлері жұмылдырылған. Жалпы 1000 қапшық дайындалды. Бөгеу жұмысы кезінде 350 қапшыққа топырақ қапталып, нысандардың осал тұстарына салынып жатыр. Түнгі уақытқа да арнайы кезекшілер қойылды. Барлық жағдай жіті бақылауда, - деді әкім.
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz