22.08.2022, 18:00
Оқылды: 51

Сауатыңды аш, мұсылманның баласы!

Шілде айында Сырым орталық мешіті жанында балалар үшін жазғы сауат ашу лагері жұмыс жасады.

IMG-20220822-WA0010

Лагерьдің І-ші легі 3-18 ші шілде аралығында дәріс алды. Балалар мешіт қабырғасында Алланың кәләмі Құран – Кәрімді жаттап, оқуды үйреніп, сол секілді ислами тәлім-тәрбие сабақтарына қатысты. 5-20-сы аралығында екінші лек келді. Кеше лагерь жұмысын қорытындылап, шәкірттерге сертификаттар табыс еттік. Кейін тәтті дастархан жайылды.

Биыл Жымпитыдағы орталық мешіттің жанындағы жазғы сауат ашу лагері арқылы 70 бала қамтылған. Мешітке жолаған адам әсіредіншіл болып кетеді деген жаңсақ түсінік қалыптасқан. Бір жағынан, атасы мен әжесі білмейтін Құран сүресін тым болмаса немересі үйренсін деген ниетіміз – ниет. Бірақ, біз жазғы лагер уағында балаларға дін сабақтарынан тыс, қазақтың ұлттық тарихи танымын ұғындыруға, елжандылыққа, ата-ананы, бауырды құрметтеуге тәрбиелеуге тырыстық. Олар тек  білім алып қана қоймай, әртүрлі зияткерлік және спорттық сайыстарға қатысып, жаңа қырларын ашты. Бастысы, бірігіп, бір топта жұмыс жасауды үйренді.

Балаларды «оңашалану» дертінен қорғап, қоғам игілігіне қажет тұлға етіп қалыптастыруға мешіт имамдары да мүдделі.

Қуанғали Қуанышұлы,

Сырым ауданының бас имамы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале