24.01.2023, 15:47
Оқылды: 55

Сахналық киімдердің тозығы жетті

Бүгін аудан әкімі Азамат Сафималиев Жәнібек аудандық мәдениет үйінде аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, соған қарасты ауылдық округтердің мәдениет үйінің директорлары, аудандық модульді кітапханалар жүйесінің, аудандық балалар кітапханасының және ауылдық округтердің кітапхана қызметкерлерімен кездесті.

6

Кездесу барысында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиев аудандық мәдениет және кітапхана саласындағы түйткілді мәселелерге тоқталды. Мәселен мәдени ошақтарда үйірмелердің жұмыстарын жандандыру, ауылдық округтердегі мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, құрал-жабдықтар, техникалық аппараттармен қамтамасыз ету, ұлттық аспаптар мен көркемөнерпаздардың сахналық киім-кешектерінің де тозығы жеткенін тілге тиек етті.

9

Өз кезегінде аудан басшысы аудан аумағындағы түйткілді және мәдениет саласындағы мәселелер жөнінде сөз қозғады. Шара барысында Жақсыбай ауылдық мәдениет үйінің директоры Назымгүл Бақтыгереева ауданда өтетін мерекелік шараларға ауылда өнер көрсетіп жүрген өнерпаздарды қатыстыруға алып келетін көлік мәселесін көтерсе, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Райымбек Кәрімов мәдениет үйінің балансындағы пәтерлерді қызметкерлерге беру, мекеме ай сайын медициналық сақтандыруға төлемді аударуда, алайда аудандық ауруханаға тексерілуге барған кезде қосымша ақы төлейтіндігін, сонымен қатар өзінің 2012 жылдан бері бірде-бір сыйақы алып көрмегенін де айтты. Сонымен қатар шарада Тау ауылдық мәдениет үйінің директоры Әлібек Сүйінішов мәдениет сала қызметкерлеріне компьютерлік құрал-жабдықтар берілсе деген ойымен бөлісті. Сол сияқты Талов ауылдық мәдениет үйінің директоры Жасұлан Пайдинде өз ойын ортаға салды. Оның айтуынша, мәдениет үйге бишілер қажет. Сондай-ақ Қамысты ауылдық мәдениет үйінің директоры Салтанат Кенжәлиева 2х3 өлшемді LED экранның, ғимаратқа терезе жабын қажеттілігі, сонымен қатар аталмыш ауылда бұралқы иттердің көбейіп кеткенін, өзі тұратын үйдің жарық қуатының әлсіздігін жеткізді. Жәнібек ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Жәннат Мұстафина жаңа ғимарат пен аталған мекемеге бас есепші қажеттілігін атап өтті. Балалар және жасөспірімдермен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Гүлжан Ниязәлиева мәдениет саласының қызметкерлерін әлеуметтік салаға жатқызуын өтінді.

7

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Бибігүл Харесова есепші мамандарды «А» санатына өсіруін өтінді. Аудандық демалыс орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Лариса Абдуғалиева дәстүрлі өнер дәріптелу керек. Оның сөзіне сүйенсек, әншілер бар, алайда күй, терме, дәстүрлі өнер шет қалды. Аудандық кітапхананың қазіргі орналасқан жеріне аталмыш өнерді үйрететін орталық ашылу керектігін баса айтты.

Жиын соңында аудан басшы сала қызметкерлерінің ұсыныстары мен пікірлеріне жауап берді.

Кездесу соңында аудан әкімі А.Сафималиұлы қызметкерлерді жеке қабылдады.

Лаура Қайратқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале