22.02.2026, 10:30
Оқылды: 41

Саяси додаға спортшы кірді. Халық кімді сайлайды?!

Оқырмандарға Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат ретінде тіркелген тұлғалар туралы ақпарат бере кетейік.

E0A362FE-271D-427F-AD89-AC4A8BA4B2FE

Сурет ЖИ

Үміткердің бірі — округтегі әкімдіктің бас маманы Азамат Абдрашев. «Amanat» партиясы ұсынған кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында ауыл халқының табысын арттыру, Жымпиты – Ақсай жолы бойынан жолаушыларға қызмет көрсететін нысан ашу, ауылдан ветблок пен өрт сөндіру бекетін, балаларға ойын алаңын салу секілді нақты жоспарларын жазыпты.

Екінші үміткер де – мемлекеттік қызметкер. Өзін-өзі ұсынушы Асхат Мурзашев бүгінгі таңда Сырым аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінде қызмет жасайды. Ол ауылды дамытудың негізгі жолы ретінде жастарды тұрақтандыру деп есептейді.

Талдыбұлақтағы сайлаудағы ерекше жаңалық - саяси додада спортшының бақ сынауы. Спортшы болғанда да, әкім лауазымына самбо күресінен халықаралық деңгейдегі төреші, самбо және қазақ күресінен спорт шебері Ержан Чукуровтың кандидат болып тіркелді. Ержан Ералыұлы бұқаралық спортты дамыту мен мәдениет, білім ошақтарының жұмыстарын жандандыруды, көпбалалы аналарға көңіл бөлуді өз бағдарламасына енгізіпті.

Қазіргі таңда №312 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда.
Әр талдыбұлақтық ауылдың дамуы мен жаңаруын жаңа әкіммен байланыстырады. Бұған дейін әкім лауазымын абыроймен атқарған Айдынғали Балғалиевтің жоспарлары жүйелі жалғасын тапса дейді.

Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале