2.09.2021, 12:11
Оқылды: 35

Сегіз спорт алаңы салынуда

Бәйтерек ауданында «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы арқылы 2018 жылы Зеленый, Белес, Үлкен Шаған, Переметный, Мичурин ауылдарында балалар спорттық ойын алаңы жабдықталған болса, былтырғы жылы Калинин, Янайкин, Раздольный, Трекин, Достық ауылдарына салынды. Биыл бұқаралық спортты дамыту мақсатында жеті ауылда сегіз спорт алаңы салынуда.

 сссссссс

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифигте Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларына жергілікті меценаттар төрт жылда 55 жобаға 407,3 млн теңге қаражат бағыттағанын мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, биыл «Авангард» ЖШС басшысы Мұрат Жәкібаев 60 млн. теңге қаражат жұмсап, бес су қоймасын жаңғыртса, кәсіпкер И.Енютин Шалғай ауылдық округіне қарасты Чамчиян көліне 10 млн. теңге жұмсап, ретке келтірген.

Ал «Сиротин» шаруа қожалығының басшысы Владимир Сиротин 18 млн. теңге өз қаражатына Шалғай-Карпов  жолын қайта қалпына келтірді. Су айдындарының флора-фаунасын жақсартып, балық түрлерін көбейту мақсатында демеуші азаматтар өткен күзде және биыл көктемде өз қаражаттарына алып балық шабақтарын жіберген.

 

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале