6.10.2024, 12:29
Оқылды: 35

«Сексеннің сеңгіріне келсем де үйде тыныш отыра алмадым» – теректілік қария

Теректі ауданында жастармен қатар қазыналы қарттар да референдум учаскелеріне аяқтай кеп, өз таңдауын жасауда. Ол кейінгі буынға көрсетілген ғұмырлық сабақ. Пікіріңді білдіру-алдағы кезеңде адаспай, өз қалауыңды дұрыс жасауға қадам іспетті.

 сайлау 2024 картинка (2)

Дәл осындай мақсатты алдыға тартқан Теректі ауылы тұрғыны, 80 жасты алқымдаған Ұлпат Идияттоллақызы өзінің ұлы Нұрланмен бірге дауыс беруге келді.

– Сексеннің сеңгіріне келсем де үйде тыныш отыра алмадым. Соңымнан ерген ұрпаққа үлгі болсам деймін. Ел Президенті референдум жариялады дегенді естігенде халықпен санасар көшбасымыздың барына шүкір айттым. Халықпен санасқан Президентіміз барда біз даму жолына бет түзейміз. Бастысы, елдің тыныштығы, - дейді ақжаулықты ана.

Әділет Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале