Аудан әкімі Әділ Жоламанов 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне байланысты Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген ақжайықтық азаматтармен кездесті.
– Ауданымыздан Семей жеріндегі әскери қызметті кезінде 25 азамат атқарған. Елбасы саясатының арқасында бүгінде сол азаматтарға да көмектер көрсетілуде. «Ақжайық» шипажайында сауықтыру шараларымен қамтылуға әрдайым жол ашық,- деді аудан басшысы.
Кездесуде аудан басшысы Алматы қаласындағы «Ерекше тәуекелді сарбаздар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Горбоненконың атынан Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген азаматтарға «Ветеран подразделения особого риска» төсбелгісін Санат Қоғабаев, Қуат Нұрғалиев, Бекқайыр Әміржанов, Ғабдулғазиз Майтабанов және Қуанғали Сәрсенғалиевқа тапсырды.
«Ақжайықтың тәуекелді сарбаздары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асқар Абдолов ардагер сарбаздарға тілегін айтып, «Чернобыль ардагерлер одағы» кеңесінің шешімімен Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан Сергей Агафонов, Мұрат Жақсыбаев, Серік Сүндетбаев, Василий Горбунов, Самат Жәрдемов, Мұрат Дәрменов, Берик Боранбаев, Мұрат Уахитовке «Герой Чернобыль» төсбелгісін тақты
Нұрхат МАҒЗОМОВ,
Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН
Ақжайық ауданы