30.09.2023, 10:08
Оқылды: 34

Семинар өтіп, жаңа нысан ашылды

Қыркүйектің 28-29-ында Бөкей ордасы ауданына қарасты Хан ордасында ғалымдар мен мамандардың басын қосқан маңызды шара өтті.

FB_IMG_1696046481129 (1)

Ол шара​ облыстық ветеринария басқармасының бастамасымен, Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің қолдауымен, Бөкей ордасы аудандық ветеринариялық станциясының ұйымдастырумен жүзеге асты.

FB_IMG_1696046486121 (1)
Семинар-кеңеске аудан әкімінің м.а. Біржан Меңешов, Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Марат Отаралиев, облыстық ветеринария басқармасының өкілдері, ветеринария ғылымдарының докторлары, аудандардың​ ветеринариялық станциялары басшылары мен малдәрігер мамандары қатысты.
Семинар-кеңестің ашылуында алғашқы сөзді Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетов бастап, одан соң кіріспе сөзді аудан әкімінің м.а. Біржан Меңешов және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық иснпекциясының басшысы Марат Отаралиев сөйледі.

FB_IMG_1696046500611 (1)
Семинар-кеңестің күн тәртібіне сәйкес Жәңгір хан атындағы БҚАТУ оқытушысы, профессор, ветеринария ғылымдарының докторы Мәлік Шәлменов "Батыс Қазақстан облысы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының паразитарлық ауруларын диагностикалық және емдеу іс тәжірибесі" тақырыбында баяндама жасаса, Тасқала аудандық ветеринариялық станциясының директорының м.а. Марина Шамшитова "Тасқала ауданында қараусыз ит-мысықтарды биозарасыздандыруды ұйымдастыру туралы" және БҚО инновациялық-технологиялық университетінің оқытушысы, профессор, ветеринария ғылымдарының докторы Ғайса Абсатиров "Ауыл шаруашылығы жануарларының әлеуметтік маңызы бар аса қауіпті жұқпалы ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру" тақырыптарында баяндама жасады.
Шараның ақпараттық-теориялық бөлімінде семинарға қатысушылар білік-дағдыларын пысықтап, ғылыми жаңалықтармен танысты.

FB_IMG_1696046533030 (1)

Бұдан кейін​ су жаңа ветеринариялық пунктінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа ғимараттың ашылу салтанатында​ ​ облыстық ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетов құттықтау сөз сөйлеп, ауданымыздың құрметті азаматтары​ ​лента қиды.

FB_IMG_1696046513998 (1)

FB_IMG_1696046524001

Түстен кейін жаңадан ашылған ветеринариялық пунктте профессор, ветеринария ғылымдарының докторы Мәлік Шәлменов ветеринария саласының мамандарына ұсақ малдың паразитарлық ауруларын диагностикалық және емдеу тәсілдеріне тоқталып, практикалық жұмыс барысында тәжірибесімен бөліссе, Тасқала аудандық ветеринариялық станциясы директорының у. м.а. Марина Шамшитова қаңғыбас итке биозарарсыздандыру операциясын жасады.

FB_IMG_1696046556596

FB_IMG_1696046546833

FB_IMG_1696046540297

Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале