10.04.2022, 19:51
Оқылды: 63

Семинар-тренинг өтті

Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен қыз-келіншектерге арналған семинар-тренинг өтті.

CEC60572-78DC-46CC-AC0F-007E9E6CED6E

Ауылдық округ әкімі Нұргүл Омарова:

- Отбасылық мәселелерді қарастыратын әйелдер кеңесінің  бірнеше отырысы өткізіліп, рейдтер ұйымдастырылды. Арнайы есепке алынған отбасылар ұдайы назарымызда. Дегенмен де жыл өткен сайын ажырасушылар саны артып келеді, екі жаққа кетпесе де бір шаңырақ астында тұрып, алимент төлеп отырған азаматтарымыз көбейді. Бұл  отбасы деген құндылықтың, отбасы тәрбиесі деген ұғымның құнсызданып келе жатқанын көрсетеді. Бұрын аналарымыз балалары үшін бар қиындыққа арқасын тосса,  бүгінгі әйелдеріміз жан рахатын басқа жерден іздейтін болды. Бақытын басқадан тауып, құрсағын  жарып шыққан бауыр еті баласынан, некелі жарынан аттап өтіп, кете салатын келіншектеріміз де жеткілікті. Бір де біреуіміз жүрегіне ауыр жара, өміріне өшпес таңба алған балаларымыздың болашағын ойлай бермейміз. Бұл жердегі зардап шегуші бала екенін ұмытпайық,  - деді ол өз сөзінде.

58C9076F-EA9E-4BDB-A9F5-AC3E12547C92

Шара аудандық колледж психологы Әсемгүл Халиуллинаның ұйымдастыруымен тренингтермен жалғасты. Шараға аудандық аурухана маманы Альфия Махимова, осы мекеменің психологы Жаңылсын Қазиханова, АІІБ әйелдер зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектор, полиция майоры Света Халилова өз салалары бойынша сөз алды.   

Кофе-брейкпен басталған шара  жылы атмосферада өтті.

Денсаулық күнімен тұспа-тұс келген шара соңында қатысушылар қан қысымы, салмақтарын өлшетіп, маман кеңестеріне құлақ түрді.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале