24.09.2024, 22:30
Оқылды: 158

Сенат депутаттары теректілік тұрғындармен кездесті

Бүгін Теректі ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Арман Өтеғұлов пен Ләззат Рысбекова келіп, «Мықты Қазақстан – біздің ортақ мақсатымыз» тақырыбы аясында теректілік тұрғындармен жүздесті.

IMG_3591

Жүздесу барысында АЭС салудың артықшылықтарын айтып, ауыл ақсақалдарымен және жас буын өкілдерімен пікір алмасты.

Арман Кәрімұлы өз сөзін аудан жұртшылығына басын иіп, сәлемдесе бастады. Өйткені ол бұған дейін аудан әкімі қызметін абыроймен атқарып, тұрғындарды бес саусақтай танып алған. Еркін бағыттағы жүздесу станция салудың артықшылықтары жөнінде өрбіп, қарапайым әрі жатық тілде түсіндірілді.

Ел Президентінің Халыққа Жолдауында экономикамызға қажет мол қуат көлемін атом энергетикасы қамтамасыз ете алатынын сөз еткен болатын. Депутаттар АЭС электр энергиясына деген сұраныстың азаюына тікелей әсер ететінін айта кетті. Сонымен қатар, атом электр станциясының құрылысы кезінде жаңа жұмыс орындары пайда болып, жоғары технологиялық салалардың дамуын қамтамасыз ететіні жайында айтылды.

IMG_3585

Жиын барысында электр жүйесінде сан жыл еңбек еткен қызметкерлердің, ардагерлер мен жастардың пікірі тыңдалды. Арман Өтеғұлов 6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Тәуелсіз Қазақстан болашағы үшін стратегиялық маңызы зор екендігін жеткізді.

Аталмыш құрылыстың Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба екені мәлім.

- Біз балаларымыздың ешкміге жәутеңдемей, мұқтаж болмайтындай мемлекетте өмір сүргенін қаласақ, атом электр станциясы бұл сұранысты толығымен орындайды,- деді Арман Кәрімұлы өз сөзінде.

Аузы дуалы теректілік Сәлім Қоқашев ақсақал мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Білікбай Қазиқанов сөз алып, өткен мен бүгінді салыстырды. Олардың айтуынша, қазақ жеріне төнген қауіп көп. Бірақ оларды бүгінгі сипатпен салыстыруға келмейді.

Себебі ол кезде халық сұранысын елмей, пікірін құптамай, бір жақты шешім қабылданған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қазақстандықтармен ақылдасып, ортақ шешімге келгісі келетін тұжырымы алаңдауға жол бермейді.

IMG_3607

Жүздесу соңында Сенат депутаттары тұрғындарға тағы да түсінік беріп, көкейдегі сауалдарына мардымды жауап беріп тарқасты.

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале