6.01.2025, 10:15
Оқылды: 52

Сенат депутаты Теректі ауданына жұмыс сапарымен келді

2025 жылдың алғашқы жұмыс күнінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Арман Өтеғұлов Теректі ауданына жұмыс сапарымен келді. Арман Кәрімұлы жақында ашылған аудан орталығындағы емханаға бас сұқты. Жолды бастап аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова келді.

472043258_2796726020509274_5846539999590233648_n

Емхана ел игіліне пайдалануға берілсе де, елдің көкейіндегіні білуге бекінген Сенат депутаты жұмыстың қарқынды екендігін өз көзімен көрді. Аудандық аурухананың директоры Дархан Хайрушев арнайы бөлмелерді көрсетіп, жұмыс барысымен таныстырды. Арман Өтеғұлов сапалы әрі замануи құрал-жабдықтарға жоғары баға беріп, халықтың сұранысына сай жауапты қызмет атқарсын деген ойын жеткізді.

472684516_2796725867175956_6181330242649215185_n

Бұл емханада жалпы тәжірибелі дәрігерлер, педиатрлар, терапевтер, хирургтар, стоматологтар және басқа да мамандар жұмыс істейді. Емхана медициналық тексерулер, алдын алу шаралары, амбулаторлық емдеу мен консультациялар, сондай-ақ шұғыл көмек көрсету сияқты қызметтерді ұсынады. Соңғы жылдары Қазақстанда, соның ішінде Теректі ауданында да медициналық қызметтерді цифрландыру және жақсарту үшін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, электронды денсаулық құжаттарын енгізу, электронды кезек жүйесі және телемедицина сияқты жаңа технологиялар пайдаланылуда. Арман Кәрімұлы мәжіліс залында жиналған дәрігерлермен жүздесті. Ол өз сөзінде саланың жауапкершілігін, денсаулықтың маңызын баса айтты.

472666398_2796725950509281_5720826577801254744_n

—Тұрғындардың денсаулығы, жанына маза бермеген дерті тікелей сіздердің назарларыңызда болуға тиіс. Оларға қолдан келгенше көмек көрсету – үлкен міндет. Әсіресе балалардың денсаулығы өте маңызды. Қазіргі таңда жасөспірімдер зиянды, қоспалары шамадан тыс көп тағамдар жейді. Мұның зиян екендігін жеткізіп, кеңестер беру қажет,- деді өз сөзінде.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицинаға көңіл бөліп, шалғай мекендерге нысандар салу туралы нақты тапсырмалар беріп жатқанын тілге тиек етті.

472598920_2796725967175946_4756702360264773519_n

Айта кеткен жөн, ғимараттың жалпы ауданы 5626 шаршы метрді құрайды. Емхана орталықтандырылған су және автономды жылытумен заманауи газдандырылған. Қажетті медициналық қондырғылармен, жиһаздармен, ұйымдастырушылық техникамен жабдықталған. Емханада сауықтыру, сәулелік диагностика, физио, профилактика бөлімшелері, зертхана, күндізгі стационар және әйелдерге кеңес беруге арналған бөлім бар. Барлығы қажетті медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Нақтырақ айтсақ, эксперт класындағы ультрадыбыстық аппарат, мамограф, 12 арналы электрокардиограф, видеогастроскоп, видеокольпоскоп, зертханалық, физиотерапиялық, стомотологиялық құрал-жабдықтар, кардиохирургиялық бақылау кешені, рентгендік кешен, емдік жаттығу кешені және кинезотерапиялық қондырғылар бар.

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале