Сенбі күні тазалық айына байланысты Жаңақала ауданы орталығындағы мекеме қызметкерлері сенбілікке шығып, ауылдың қоқыс қалдықтарынан тазалануына едәуір үлес қосты.
Сенбілік Жаңақала аудандық жас туристер станциясы, Соркөлдің оңтүстік бағытынан солтүстігіне дейін, ауылымыздың шығыс бетіндегі көлдің өрт сөндіру бөлімінің артқы жағынан солтүстік бетіндегі көпір, шығыс бетіндегі көлдің өрт сөндіру бөлімінің артқы жағынан молаға дейін, ауылдың оңтүстік бетіндегі Жаңақала-Мәстексай трассасынан бастап тұрмыстық қалдықтар шығаратын полигонға дейінгі
аралықты қамтыды.
Күл қоқыстан тазартылып, Жаңақала ауылдық округі әкім аппараты жиналған қоқыстарды арнайы бөлінген техникаларға тиеп қоқыс төгу орнына жеткізді.
Ауыл маңын күл қоқыстарын тазалау жұмысы одан әрі жалғасын таба бермек. Сонымен қатар ауылдық округтерде де тазалық қарқынды жүргізіліп жатыр.
Аруғаным Қазиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz