Қаратөбе ауданы әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің қаулысына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау, елді мекен аумақтарының санитарлық жағдайын арттыру, көгалдандыру, абаттандыру мақсатында сенбілік өтті.
Ағымдағы жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыры аралығында аудан көлемінде санитарлық-экологиялық айлығы болып жарияланған болатын. Тазалық айлығына орай өткізілген сенбілікке барлық мекеме атсалысты.
Сенбілікке Қаратөбе, Шөптікөл ауылдары бойынша барлығы 350-ге жуық адам қатысты. Сенбілік аудан орталығындағы саябақтардың ішкі-сыртқы бөліктері, мекеме ғимараттарының аумақтары және Қаратөбе ауыл тұрғындарының тұрмыстық қалдық төгетін полигон орны тазартылды. Шөптікөл ауылындағы мектеп жанындағы саябақ және көшелер тазартылды. Сенбілікте барлығы 4 тонна қалдық шығарылды.
Әмірбек Әлібекұлы,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz