5.01.2025, 14:55
Оқылды: 52

Президенттің жастар туралы айтқан ойы – болашаққа бағыттылған бағдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында жастарға ерекше тоқталып, олардың ұлт болашағындағы рөлін айрықша атап өтті.

image-05-01-25-12-49

Президент жастардың білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлға болып қалыптасуы – еліміздің жарқын болашағының кепілі екенін айтты. Осылайша, Мемлекет басшысы жастарға  сенім мен жауапкершілік жүгін артты.

          Сұхбатта Президент жастарды ана тілін қадірлеп, оны дамытуға үлес қосуға шақырып, олардың жауапкершілік пен белсенділік танытуы – ел дамуының маңызды алғышарты екенін ерекше атап өтті. Жастарымыздың тек заманауи білім алып қана қоймай, өз тамырынан нәр алып, ұлттық мәдениет пен тарихты құрметтеуі – үлкен маңызға ие. Бұл сөздер әрбір жасқа бағытталған сенім мен жауапкершілік жүгін арттырады. Біз өз ұрпағымыздың рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына бар күш-жігерімізді салуымыз қажет.

Нұрлыхан Кәрімов,

 «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы,

 Жәнібек ауданды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале