22.12.2020, 9:43
Оқылды: 60

Сенімді өкілдер мен штаб мүшелері – Ардақ ауылында

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының мәслихаттарға депутаттыққа кандидат ретінде түсіп отырғандардың сенімді өкілдері мен аудандық штаб мүшелері Ардақ ауылдық округіндегі бастауыш партия ұйымында кездесу өткізді.

131953761_1229732474067496_4332932202305668158_n

Еркін нышанда, ашық райда өткен жиын барысында бүгінгі таңдағы еліміздегі басты оқиға ретінде саналатын шараның саяси маңызының тереңдігі, ел тұтастығы мен бірлігі жолында жаңа көкжиектерге жол ашатын сайлаудың ерекшелігі туралы айтылды.

Ардақ ауылдық округіндегі бүгінгі таңда жүзеге асырылған жұмыстар сараланып, қайсыбір тұстарда бағыт-бағдар берілді. Ауылдағы ең алғашқы сайлауға қатысқалы отырған жастар мен ең жасы үлкен ауыл тұрғынын анықтап, оларға үлкен сенім арту қажеттігі де назардан тыс қалмады.

Бүгінгі таңда сайлау өткізілетін орын талапқа сай, үгіт-насихат көрнекілігімен Ауыл тұрғындары «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныс екендіктерін айтып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале