21.02.2023, 11:45
Оқылды: 17

«Сенің даусың маңызды!»

Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Сенің даусың маңызды!» атты Жаңақала ауданының жас сайлаушылар форумы өтті.

IMG_7784

Форумға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Бақтыгереев, сарапшылар, ауданның белсенді жастары, жас мамандар, волонтерлер және колледж студенттері қатысты. Аталмыш шара жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару және сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілді.

Шара барысында Жанболат Бақтығалиұлы сайлау науқаны жөнінде біраз әңгіме өрбітті.

Одан әрі №3 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ернат Сұпығалиев жастарға өзінің азаматтық ұстанымын жеткізді. Содан соң аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың маманы, «Жас сайлаушылар клубы» төрайымы Айзада Әбілқасымова аталмыш клубтың жұмысы туралы баяндап, жастарға егжей-тегжейін түсіндіріп берді.

Форум концерттік бағдарламаға ұласты.

Р.Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале