8.08.2024, 18:21
Оқылды: 50

Серік Абдрахманов Қаратөбенің Құрметті азаматы атанды  

Бүгін Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның директоры Бауыржан Халиолла бастаған құрам Қаратөбе ауданына жол тартты.

IMG_4803

Ондағы мақсат, қасиетті Қаратөбеден түлеген дәстүрлі әнші, Ә.Қашаубаев, Ғ.Құрманғалиев атындағы республикалық байқаулардың лауреаты, музыкалық колледждің «Дәстүрлі ән» сыныбының ұстазы, он шақты еңбектің авторы Серік Абдрахмановтың Қаратөбе ауданының «Құрметті азаматы» атағын алуы.

IMG_4849

Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев пен аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Мендешов ізгі тілектерін білдіріп, куәлік пен төсбелгіні табыстаса, Бауыржан Ергенұлы ұжым атынан қаратөбелік ағайынға алғыс айтты.

IMG_4829

 

Айжан Бауыржанқызы,

ҚР Журналистер одағының мүшесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале