21.03.2025, 17:30
Оқылды: 197

Серік ауылында Наурыз тойы тойланды

Кеше Казталов ауданы, Қараөзен ауылдық округіне қарасты Серік елді мекенінде «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік дала қызығы өтті. Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күнін ауыл өнерпаздары арнау өлеңдермен ашып, ақ түйенің қарны жарылған ас та төк мерекелік думан тойды ауылдың ақ жаулықты әжелері шашу шашып қарсы алды. 

IMG_4851

Ұлыстың Ұлы күнінде құттықтау сөзбен дала қызығының шымылдығын ашқан Қараөзен ауылдық округінің әкімі Нұрхат Булаев, ауылдың ақсақалы Жүсіп Жақыпов, ардагерлер атынан Тұрар Татпанов пен Азамат Абуғалиев айтулы шараны жоғары деңгейде әзірлеген ұйымдастырушы жігіттерге жерлестері атынан алғыс айтты.

IMG_4964

Ауылдың белсенді азаматтары арқылы жүзеге асқан мәдени көпшілік шарада әдемі әндер шырқалып, ұлттық ойындар ойналып, құрметті меймандарға дәмі тіл үйіретін наурыз көжелер ұсынылды.

IMG_4920

Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале