14.10.2022, 17:15
Оқылды: 55

Сессия жұмысы онлайн режимде көрсетілді

Бүгін Жәнібек аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы өтіп, оған Тахир Қадимов төрағалық етті. Сессия жұмысына аудан әкімі Азамат Сафималиев, дербес бөлімдердің басшылары мен Жәнібек ауылдық округінің әкімі қатысты.

IMG_0640

Сессияда «Аудан көлеміндегі республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың, мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғындарға пайдалануға берілген тұрғын үйлердің, сонымен қатар ауданның елді мекендерінен күл-қоқыс шығару, оны арнайы орындарға жинау жағдайлары туралы» және «2022 жылға кондоминиум оъектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиев, «Халыққа медициналық қызмет көрсету, медициналық сақтандыру бағдарламасын іске асыру туралы», Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы №28-1 «Жәнібек аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы №28-2 «Жәнібек ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы бес мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер аудандық мәслихаттың екі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында қаралып талқыланғандықтан, депутаттар шешім жобаларын бірауыздан бекітті. Сессияда Азамат Сафималиұлы сөз сөйлеп, президенттік сайлау науқанының басталғанын, оған аудан бойынша тоғыз мыңнан астам сайлаушының қатысатынын, биылға жоспарланған жұмыстардың аяқтала келгенін айтып, алдағы міндеттерге тоқталды.

IMG_0638

Сондай-ақ сессияның жұмысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылған мәслихат отырыстарының міндетті онлайн көрсетілімдерін енгізу қажеттілігіне байланысты тікелей режимде көрсетілгенін айта кетейік.

А.Есіркепов,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале