26.04.2023, 16:00
Оқылды: 28

Сессияда 29 мәселе қаралды

Бәйтерек аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Бәйменов, аудандық бөлімдердің басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

байтерек (4)

 ессияны ашқан аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлыбек Хайруллин күн тәртібінде төменде 29 мәселе қаралатынын айтты. Оның біріншісі, сессияның күнтәртібін бекіту, екінші Бәйтерек ауданы мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған Бәйтерек ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы болды. Ал 3-тен 24-ке дейінгі мәселелерде 22 ауылдық округтің үш жылдық бюджеті жөніндегі мәслихат шешіміне өзгерту енгізу жөнінде сөз өрбіді. Бұл бағытта аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Тоқсамбаев баяндады.

байтерек (1)

Одан соң мінберге көтерілген аудандық мәслихат аппаратының басшысы Тілекбай Төлепқалиев өткен жылдары қабылданған екі шешімге өзгеріс енгізу мәселесін айтты. Олар: аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 28 наурыздағы № 20-8 «Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» және мәслихаттың 2021  жылғы  27 тамыздағы №7-3 «Бәйтерек ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешімдері.

байтерек (3)

Жер комиссиясы және аудан бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Александр Полежаев баяндама жасады.

Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 26 қаңтардағы «Бәйтерек ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болатбек Ахметжанов хабарлама жасады.

байтерек (2)

Аталмыш хабарламалар бойынша Ернар Хайдаров, Армат Бисенов, Фархад Жалмурзин, Бибигүл Ахметжанова сықылды депутаттар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.

Гүлім Орда,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале