7.12.2021, 16:00
Оқылды: 28

Сессияда біраз маңызды мәселе қаралды

Бүгін Қаратөбеде аудандық мәслихаттың VII шақырылымдағы кезектен тыс Х сессиясы өтті.

Сессия Х (1)

Аудандық мәслихат депутаты Айгүл Айтқалиева кезекті сессияның күн тәртібіндегі аудандық мәслихаттың хатшысын сайлау туралы бірінші мәселеге байланысты мәслихат хатшысы қызметіне халық қалаулысы Нұрлан Меңдешовтың кандидатурасын ұсынды. Аудандық мәслихат депутаттарының бірауыздан қолдауымен аудандық мәслихат хатшысы болып  Нұрлан Меңдешов сайланды.

Күн тәртібіне сай Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы «Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамын, олардың төрағаларын және төраға орынбасарларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.

Сессияда Қаратөбе аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы  «2021-2023 жылдарға арналған Қаратөбе ауданының Аққозы, Егіндікөл,  Жусандыой, Қаракөл,  Қоскөл, Қаратөбе, Саралжын, Сулыкөл ауылдық округтерінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағамбетовтың, Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы «Қаратөбе ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспектор-заңгері Н.Марбанованың,«Аудандық және учаскелік сайлау комиссиялары туралы» аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ж.Жанғазиевтің, «Қаратөбе ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы А.Карменовтың хабарламалары тыңдалып, бекітілді.

«Мұхит жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұсынысына сай, қол күресінен Әлемнің үш дүркін чемпионы атағына ие болған қаратөбелік жас спортшы Ержан Ерболатқа Қаратөбе ауданының «Құрметті азаматы» атағын беруді халық қалаулылары бірауыздан мақұлдады.

Сессия Х (2)

Сессияда бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Аудандық мәслихат хатышысы сайланды.

Сессия жұмысын қорытындылаған аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев ауданның ауылдық округтерінің «2021-2023 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізуге, үш дүркін Әлем чемпионы атанып, ауданның абыройын асқақтатқан жас спортшы Ержан Ерболатқа Қаратөбе ауданының «Құрметті азаматы» атағын беруге бірауыздан қолдау білдірген аудандық мәслихат депутаттарына ризашылығын білдірді.

Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале