18.11.2024, 17:58
Оқылды: 21

Сессияда қарауға жолданды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде «Әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, инфрақұрылым, аграрлық, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия» мен «Әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның» бірлескен отырысы өтті.
image-18-11-24-02-51-1
Отырысты «AMANAT»партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиев ашты. Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-5, №15-6, №15-7, №15-8, №15-9, №15-10, №15-11, №15-12, №15-13 «2024-2026 жылдарға арналған Ақоба, Борсы, Жақсыбай, Жәнібек, Күйгенкөл, Қамысты, Талов, Тау, Ұзынкөл, ауылдық округтерінің бюджеті туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу қаралды.
Сонымен қатар ҚР мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның құрамын өзгерту және әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту хақында аудан әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері Ұшқын Ғазезов баян етті. Оның айтуынша, комиссия құрамындағы мүшелердің басқа жұмысқа ауысуына байланысты кеңес хатшысы Ләззат Садированы шығарып, сәйкесінше орнына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Миранбек Ибатовты тағайындалды. Сол сияқты комиссия мүшелері Айбек Ғазезов пен Ғибрат Айтқалиевты шығарып, орындарына аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты бойынша орынбасары Ерназар Опиев пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша  атқарушы Райгүл Тастенованы енгізуді ұсынды. Сол сияқты әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия құрамында да дәл жоғарыдай өзгерістер енгізілу ұсынылды. Ал аудандық аналар кеңесінің хатшысы болып Гүлзина Ғұсманованы тағайындау сұралды. Одан бөлек аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 қазандағы №11-3 «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Жұмағали Серік айтып өтті.
- Табысын есепке алмай көрсетілетін әлеуметтік көмек «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіліп, төленетін қаржы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асады. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ак пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар есепке қойған күннен бастап алты ай ішінде өтініш бере алады. Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу ұсынылған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуi салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, біржолғы, санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеуге көмек беріледі, - деді.
Күн тәртібіндегі мәселелер толықтай қаралып болғаннан кейін алдағы сессияға бекітуге жолданды.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы,
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале